Қазақстанда ірі мал бордақылау алаңдарын шоғырландыру арқылы агроиндустриялық кластер құру жобасы іске асырылуда

  • AstanaTV
  • 12 шілде 2025

Қазақстанда ірі мал бордақылау алаңдарын шоғырландыру арқылы агроиндустриялық кластер құру жобасы іске асырылуда

Түркістан облысының Сауран ауданында ірі мал бордақылау алаңдары шоғырланған агроиндустриялық кластер құруға бағытталған ауқымды инвестициялық жоба іске қосылды.

Жобаның басты ерекшелігі – 185 гектар аумақта 292 бордақылау алаңын шоғырландыру. Бұл инфрақұрылымды тиімді пайдалануға, шығындарды оңтайландыруға және өндірісті орталықтандыруға мүмкіндік береді.