Жыл сайын 13 шілдеде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні аталып өтеді, деп хабарлайды Astana TV.
Бұл — егемендігімізді, тұрақтылықты және ұлттық мүддені қорғап жүрген жандардың кәсіби мерекесі.
Қазіргі жаһандық геосаяси сын-қатерлер жағдайында ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің мінсіз жұмысы, жоғары жауапкершілігі мен кез келген жағдайға жедел әрекет етуге дайын болуы – қазақстандықтардың ертеңгі күнге деген сенімінің кепілі.