Русский Сайттың толық нұсқасы

Доллар 526 теңгеден саудаланып жатыр

  • AstanaTV
  • 13 шілде 2025
  • 114
Фото: istockphoto

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 520 — 526 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Astana TV.

Ұлттық банктің 13 шілдеге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 520,93 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,68 теңге. Еуро — 609,07.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 523,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы —521,7 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 608,5 сату құны — 612,5.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 526 теңге, сатып алу құны — 520 теңге. Еуро 608 теңгеден сатып алынып, 615 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,55— 6,71 аралығында саудаланып жатыр.