Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркия астанасында 26 қабатты үй өртенді

  • AstanaTV
  • 14 шілде 2025
  • 172
Фото: Cumhuriyet.co

Түркия астанасы Анкарада көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан үш адам, оның ішінде үш айлық сәби ажал құшты, деп хабарлайды Astana TV.

“Анкара қаласының Чанкая ауданындағы 26 қабатты ғимараттан өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттен үш адам, оның ішінде 3,5 айлық сәби қаза тапты. Телеарнаның мәліметінше, өрт шамамен төрт сағаттан кейін ауыздықталды”, – делінген хабарламада.

Өрт сөндіру қызметінің дерегінше, 39 адам оның ішінде жеті өрт сөндіруші, түтіннен уланған.

 

Қатты түтінге байланысты тұрғындарға уақытша ғимаратқа кіруге тыйым салынды. Өрт сөндірушілер түтінді шығару жұмыстарын бастады.

Оқиға бойынша өрттің шығу себептерін анықтау үшін прокуратура тергеу бастады.