Русский Сайттың толық нұсқасы

Жетісуда полицейлер 200-ге жуық медицина қызметкерімен кездесу өткізді

  • AstanaTV
  • 14 шілде 2025
  • 107

Ақпараттық технологияларды, соның ішінде интернет-алаяқтықты пайдалана отырып жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу және сондай-ақ халық пен мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық және қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында Жетісу облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өңірдің денсаулық сақтау саласының мамандарымен профилактикалық іс-шара өткізді, деп хабарлайды Astana TV.

Кездесу Талдықорған қаласындағы көпбейінді аурухана базасында өтті. Шараға 200-ге жуық медицина қызметкері қатысты. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері, қаскөйлердің әрекет ету тәсілдері және сақтану жолдары туралы түсіндірді.

Қатысушыларға жеке деректерді қорғау және интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша кеңестер жазылған ақпараттық парақшалар мен брошюралар таратылды. Шара аясында аудандық медициналық мекемелер де ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта қосылып, қатысу мүмкіндігіне ие болды.