Сүйіктісінің өгей әкесін пышақтап өлтірді. Алматыда болған сұмдық оқиға әлеуметтік желіде тарады. Қылмыс жасөспірімдердің көзінше жасалған. Алдын ала ақпарат бойынша жігіт қызының өгей әкесімен жанжалдасып қалған. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Бұл дерек бойынша Медеу аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті «ізін суытпай» ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында қылмыстың тұрмыстық себеппен, ер адамдар арасындағы ауызша жанжал кезінде жасалғаны анықталды.