Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда үш адам суға батып кетті

  • 14 шілде 2025
  • 50

Оралда бір аптада үш адам суға батып кетті. Олардың біреуі - 10 жастағы оқушы. Олардың сүйегі бүгінде сот-дәрігерлік сараптамаға жіберіліпті. Төтеншеліктердің дерегінше, шомылу маусымы басталғалы 17 адам құрдымның құрбаны болған. Олардың үшеуі - кішкентай балалар. Қайғылы оқиғаның жиілеуіне кішкентайларды қараусыз қалдырған ересектердің салғырттығы себеп дейді құтқарушылар.

АЙБЕК ҒАДІЛЖАНОВ, БҚО ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ:

Суға шомылу кезінде сақтық шараларын қатаң сақтауыңызды сұраймын.  Суға мас күйде түспеңіздер, балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар. Бекітілген жерден арнайы асып жүзбеңіздер. ҚР ӘК 41-бабы бойынша 67 адамға хаттама толтырдық. 9-ы манағы заңды тұлғаға, қалғаны жеке тұлғаға.

Өңірде небары 34 жағажай талапқа сай. Бірақ мұны тұрғындар ескермейді. Әрі былтырғы су тасқынынан кейін өзендердің түбі су ағызып әкелген ағаш сынығы мен түрлі қоқысқа толы. Сондықтан суға шомыларда мұқият болған жөн, дейді мамандар.