Қостанай облысы Амангелді ауданында жол көлік апаты салдарынан үш адам көз жұмды. Оның бірі кішкентай бала. Тиісті органдардың таратқан мәліметіне жүгінсек, жеңіл көлік жүргізушісі тізгінге ие бола алмай жүйткіген көлік Қарынсалды өзеніне түсіп кеткен. Жедел –құтқару жасағы үш адамның денесін судан алып шыққан. Тергеу басталды.
БАУЫРЖАН ҚАСЫМХАН, ОБЛЫСТЫҚ ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
Осы факті бойынша полиция алдын ала тергеу амалдарын бастады.Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен барлық мән –жайларын анықтауға бағытталған жедел тергеу шаралары жүргізілуде.
Қостанай –Әулиекөл – Сұрған бағытындағы тас жолда тағы 3 адам жан тапсырды.Полицияның алдын ала таратқан мәліметіннше Шахман жүк көлігі мен Ваз көлігі соқтығысып,салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында жан тәсілім етті.
БАУЫРЖАН ҚАСЫМХАН, ОБЛЫСТЫҚ ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
Қостанай – Әулиекөл –Сұрған автожолы бағытында адам өлімімен аяқталған жол –көлік оқиғасы фактісі бойынша полция алдын ала тергеуді бастады. Алдын ала мәліметтер бойынша 14 шілде күні таңертең Шахмен автокөлігі мен Ваз -2110 көлігі қатысқан жол апаты орын алған.Жол көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі мен екі жолаушысы, оның ішінде 2023 жылғы бала алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты.