Көлік ұрлаймын деп қаза тапты. Павлодарда қылмыстың соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Ер адам темір тұлпарды тізгіндегені сол еді жол қиылысында өзге екі көлікпен соқтығысқан. Облыстық полиция департаменті әзірге оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Көлікті ұрлау және жол-көлік оқиғасы фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалған.
ЖАННА БІЛӘЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Ер адам Мерседес маркалы көлікті айдап әкеткен. Содан кейін Назарбаев даңғылы мен Ломов көшелерінің қиылысында Лада Гранта мен Хендай Туксон автокөліктерімен соқтығысқан. Нәтижесіндще, ұрлаушы апат болған жерде қайтыс болды.