Қостанайда жүргізуші куәлігінен айрылған адамның автобус тізгіндегені анықталды. Ал оның әрекеті жолаушылар мен жол қозғалысы қауіпсізідігіне үлкен қатер төндірді, дейді полиция қызметкерлері. Қоғамдық көлікті куәліксіз жүргізген жанды «Қорғау» интеллектуалды бейнебақылау және аналитика жүйесі анықтаған көрінеді. Заңды өрескөл бұзған қала тұрғынына қатысты іс сотқа жолданды.
БАУЫРЖАН ҚАСЫМХАН, ОБЛЫСТЫҚ ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
Жүргізушіге көлік құралын жүргізу құқығы болмаса да басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі таңда бұл іс бойынша материалдар сотқа жолданды.Бұзушы басқарған автобус арнайы тұраққа қойылды.