Атырауда “Palma” аквапаркіннің демалушылары жаппай уланды. Кеше 13 бала мен 2 ересек дәрігерге жүгінген. 3 бүлдіршін жан-сақтау бөліміне түсті. Ата-аналардың айтуынша айналдырған бір сағаттың ішінде балалар өздерін жайсыз сезініп, қақалып, тұншыға бастаған. Хлордың өткір иісі үлкендерге де байқалды ,- дейді.
АҚБАЯН БИСЕНҒАЛИЕВА: ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Иісі қатты шықты. Барлығымыздың тамағымыз бітіп, мұрынымыз қышып, қаштық. 3баламен бардым, бірақ диагнозы бар балама қатты тиген. Иммунитеті әлсіз болғаннан шығар. Ол жерде отырып, өзімен-өзі қақалып бастаған. Жолдасым тұншығып қалған шығар деп арқасынан қақса, көзі кетіп жатыр екен. Енді айналасына қараса, жерден сары су шығып жатыр. Екеуі де жөтеліп, бірге кетті. Халықтың бәрі шулап, қашып, бәрінің жағдайы нашарлап кетті. Жедел-жәрдем келіп, бірден кислород кигізіп, үшеуінің де жағдайы қиын деп реанимацияға алып кетті.
АЛТЫНГҮЛ НАУШАБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Үлкендер жағында ештеңе болмады, бірақ балалар ойнайтын жақта су сап-сары болып, хлорланып жатырғаны көрініп тұрды. Дәрігер балама хлордан уланған деп диагноз қойды. Балам есінен танып жатырған соң, бетіне су шаштық. Ал аквапарктің бастығы дөрекіленіп, бізден кешірім де сұрамады. Бірақ ақшамызды қайтарып алдық.
Дәрігерлер бәріне улану диагнозын қойды. Дереу алғашқы көмек көрсеткен.
БАУЫРЖАН ҚАДЫРҒАЛИ, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ:
Хлор ауа арқылы әсер еткен. Салдарында құсу, есінен тану, жөтелу секілді реакциялар берген. Құсу, есінен тану, жөтелу секілді реакциялар берген. Денелерінде күйік болмағанымен, бөртпелер пайда болған. Әрі қарай да зерттеулер жүргізіп, басқа мүшелеріне әсерін қараймыз. Кеше пульмонолог, инфекционист секілді мамандар шақырылды. Алда да шақырып, бақылайтын боламыз. Әдетте мұндай жағдайларда төменгі, жоғары тыныс жолдарына зақым келуі мүмкін. Бірақ бәріне тиісті көмек көрсетіліп жатыр.
Санитарлық-эпидемиолог мамандар химиялық зерттеулердің сынама қорытындысын күтіп отыр. Олар аквапарк басшылығы рұқсат алмады,- дейді.
АЙГҮЛ ЫСҚАТОВА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
“Пальма” аквапаркте санитарлық-эпидемиологиялық рұқсаты жоқ. Кез-келген субьект ең алдымен санитарлық-эпидемиологиялық рұқсат алып, содан кейін ғана жұмысын бастау керек. Ал алмай жұмысын бастау заңсыздық болып саналады. Егер Атырау қалалық полиция басқармасының тарапынан қылмыстық іс құрамы жоқ деген жауап келсе, біз обьектке айыппұл саламыз. Және жұмысын тоқтатуға қаулы шығарамыз.
Қазір аквапарк уақытша жұмысын тоқтатқан. Есігі тарс кілттеніп тұр. Ресми өкілі Ерік Ботақанов аквапарктің санэпид мамандардан неліктен рұқсат алмай жұмыс істеп жатқанын білмейтін болып шықты.
ЕРІК БОТАҚАНОВ, АКВАПАРК РЕСМИ ӨКІЛІ:
Кешегі күнде ысылыққа байланысты біздің мини аквопарктың ішінде жарық бірнеше рет өшіп, қосылды. Өшірілген кезде генераторлар ауысты. Сол кезде техникалық ақау орын алды деп ойлап отырмыз. Қазір айтатынымыз барлық кемшіліктерді мойындаймыз. Зардап шеккен адамдарға келетін болсаақ, ол ата-аналардың алдынан кешірім сұрап, оларға материалдық көмек көрсететінімізге кепіл береміз.
Қазір полиция оқиғаға байланысты қылмыстық істі тіркеп, тергеуді бастады. Аквапарктің қалыпты жұмысқа қашан оралатыны әзірге белгісіз. Айта кетейік, аймақта эпидемиологтардан рұқсат алған 9бассейн, 3аквапарк жұмыс істейді.