Тараз қаласының прокуратурасымен еңбек және зейнетақы заңнамасының талаптарын бұзу фактілері анықталып, 742 азаматтың құқықтарының бұзылуына себеп болған.
Атап айтқанда, «Жасыл Ел Тараз» ЖШС 2025 жылдың басынан бері 605 қызметкердің пайдасына 24 млн теңге мөлшеріндегі міндетті зейнетақы жарналарын аудармаған.
Сондай-ақ, Тараз қалалық Білім бөлімінде еңбек еткен 19 зейнеткерге қатысты да осындай заңбұзушылықтар анықталып, 3 млн теңге көлеміндегі жарналар төленбегені белгілі болды.
Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде жалпы сомасы 27 млн теңге зейнетақы жарналары толық көлемде өтеліп, қызметкерлердің құқықтары қалпына келтірілді.
Сонымен қатар, прокуратура мүмкіндігі шектеулі жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау бойынша да шаралар қабылдады.
Прокуратураның араласу нәтижелерімен 41 мүмкіндігі шектеулі қызметкердің жұмыс уақыты қысқартылды, 45 адамға жұмысынан айрылуына байланысты жәрдемақы тағайындалды, 10 адам кәсіптік оқуға жіберілді, 22 азамат субсидияланатын жұмыс орындарына жолдама алды.