Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Ұлы Дала» республикалық байқауына қатысуға өтінімдер қабылдануда.
Бұл жолғы байқау Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып, ойшылдың «толық адам», «еңбек», «ғылым», «тәрбие» сияқты ұғымдарын көркем әдебиет аясында дәріптеуге, бүгінгі әдебиетпен сабақтастыруға бағытталған. Сонымен қатар биылғы «Жұмысшы мамандықтары жылы» да байқау тақырыптарының бірі ретінде айқындалған.
Байқауға 18-45 жас аралығындағы авторлар қатыса алады.
Номинациялар:
– Проза
– Поэзия
– Драматургия
– Әдеби сын
– Балаларға арналған шығарма (фантастикалық жанр рұқсат етіледі)
Байқау аясында арнайы жүлделер тағайындалған:
– Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына
– Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына
– «Алаш аманаты»
Шығармалар 1 шілдеден 30 қазанға дейін қабылданады.
Барлық жұмыстар бүркеншік атпен ulydala@amanatpartiasy.kz поштасына жолданады.
Іріктелген шығармалар күнделікті aikyn.kz – «Ұлы Дала» айдарында жарияланады.
Қазылар алқасы 1–15 қараша аралығында жеңімпаздарды анықтайды.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Астанада өтеді.