Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралдық шенеунік құмар ойынға 34 миллион теңге тіккен

  • 15 шілде 2025
  • 106

Орал қаласы әкімдігінің қызметкері 34 миллион теңгені құмар ойынға тігіп, 1 миллионынан ұтылып қалған. Ойнаймын деп от басқан ол бірден қызметінен қуылыпты. Прокуратура мемлекеттік кірістер және полиция басқармасының лауазымды қызметкерлерінің де құмар ойынға ынтық екенін анықтапты. Халықтың тұрмысын түзеп, қылмыспен күресу тікелей міндеті екенін ұмытқан олар букмекерлік кеңселер арқылы құмар ойындарға қатысыпты. Айта кетелік, былтырдан бері мемлекеттік қызметшілердің құмар ойынына қатысып, бәс тігуіне тыйым салынған еді.

МЕЙІРХАН ІЗІМОВ, ҚАЛА ПРОКУРОРЫ:

Қала әкімдігінің лауазымды адамы 34 миллион теңгені құмар ойынға тіккен болатын. Талдау нәтижесінде мемлекеттік органдарға қадағалау актісі енгізіліп, оның нәтижесі бойынша 24 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Соның ішінде 16 адам қызметінен босатылды.