Атырауда алаяқ зейнеткерді алдап, ірі көлемде қаражатын иемденген. Қария оны белгісіз адамға өз қолымен беріп жіберген. Белгісіз адам қоңырау шалып, өзін құқық қорғау органының қызметкері ретінде таныстырған. “Қызыңыз жол-көлік оқиғасына кінәлі, - деп, ірі көлемде ақша талап етеді. Қорқып кеткен қария үйіне келген курьерге 6 млн теңге ақшаны ұстатып жіберген. Арада 10 күн өткен соң, жәбірленуші полицияға шағымданады. Жедел іздестіру шарасы нәтижесінде курьер ретінде әрекет еткен 31 жастағы ер адамды анықтайды. Сол арқылы полиция қызметкерлері ақшаны иемденген күдіктіні анықтады. Осылайша Қызылқоға ауданының 25 жастағы тұрғынын қолға түсті. Ол кінәсін толық мойындады. Үлкен кісіні алдап соққан алаяққа 2 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.