Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада "SOS" батырмасы арқылы жоғалған бала дер кезінде табылды

  • AstanaTV
  • 16 шілде 2025
  • 112
Фото: ашық дереккөзден

Елордада қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қала аумағында 25 арнайы "SOS" батырмасы орнатылған. Бұл батырмалар арқылы тұрғындар шұғыл жағдайда бірден полицияның көмегіне жүгіне алады, деп хабарлайды Astana TV.

Түнгі сағат 22:00-ден кейін белгісіз тұрғын вокзал маңында кішкентай баланың жалғыз жүргенін байқап, алаңдаушылық білдіріп, жақын маңдағы "SOS" батырмасы арқылы полицияға хабар түсті.

Патрульдік полиция қызметкерлері жедел түрде 9 жастағы баланыың жанында ересек адамдардың болмағанын анықтады. Тұрғылықты мекенжайы анықтағаннан кейін бала анасына аман-есен тапсырылды. Бұл жағдай "SOS" батырмаларының қала қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Мұндай технологиялар азаматтардың белсенді қатысуымен бірге тәртіп сақшыларына уақытылы әрекет етуге мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері осындай батырмалар арқылы 24 шұғыл хабарлама келіп түсті. 
Полиция азаматтарды қоғамдық қауіпсіздікке ортақ жауапкершілікпен қарауға шақырады.