Русский Сайттың толық нұсқасы

Балқаш қаласында 5 жұлдызды қонақ үй салынады

  • AstanaTV
  • 16 шілде 2025
  • 105

Балқаш қаласында 4 және 5 жұлдызды қонақ үйлер салуға әлеуетті инвесторлар керек.  Әр кешенде кемінде 60 нөмірден болуы тиіс. Бұл жобалар туризмнің дамуына және өңірдегі іскерлік белсенділіктің артуына ықпал етеді,-деп хабарлайды Қарағанды облысының «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы. 

Жобаларды жүзеге асыру үшін жер телімдерін «Сарыарқа» ӘКК ұсынады. Ал жобалау және құрылыс жұмыстарын қаржыландыру, сондай-ақ қонақ үй кешендерін салу – ашық конкурс нәтижесінде анықталған инвестордың міндеті.

Құрылыс алаңдарының инженерлік инфрақұрылымын жергілікті атқарушы орган қамтамасыз етеді.

Соңғы екі жылда Балқашқа туристік ағын 40% артқан. Келушілер арасында тек қазақстандықтар ғана емес, Германия, АҚШ, Канада, Польша және Ресей елдерінен келген туристер де бар.