Перизат Қайратқа ақша аударған ірі компания өкілдері қайырымдылыққа салынған қаржыны қайтаруын талап етті. Астанада «Biz birgemiz» қорының жетекшісі болған Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгін айыпталушыға қомақты теңге аударған ұйым өкілдерінен жауап алынды. Құрылыс заттарымен айналысатын кәсіпорын 2024 жылғы су тасқыны кезінде қорға 200 миллион теңге аударған. Желідегі жарнамаға сеніп ақша жинағандардың арасында Назарбаев зияткерлік мектебінің ата-аналары да бар. Олар 900 мың теңге жинап беріпті. Енді оны тиынымен қайтарсын деп өтініп отыр. Өндірілген қаржыны білім ошағындағы сырқат мұғалімнің еміне құюға ниетті. Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат пен анасының 3,5 млрд теңге жымқырғанын айтқан еді.