Алматы-Өскемен тасжолында полиция қызметкерінің қатысумен жол апаты болды. Куәгерлердің айтуынша, Mercedes маркалы көлікті тізгіндеген тәртіп сақшысы артқа бұрылып, жол бермеген көрінеді. Ал, Honda темір тұлпарында Алакөл демалыс орнынан Алматыға бет алған отбасы болыпты. Көліктегі балалар жарақат алған, ауруханаға жеткізілді. Қазір тергеу жүріп жатыр.