Трамп болуы мүмкін педофилдер тізімі жойылып кетті. АҚШ-та үлкен дау басталды. Конгресс Бас прокурор Пэм Бондиді сұрақ астына алды. Олар, жасырын аралда саясаткерлер мен өзге танымал тұлғаларға жеңгетайлықпен айналысқан Джеффри Эпштейннің тізімін жариялауды талап еткен. Бас прокурор болса, ондай тізімнің жоқ екенін айтып ақталды. Журналистер АҚШ Президентінің өзін ұстап алып, тікелей өзінен де сұрады. Алайда, Трамп, бұның барлығы өзіне жабылған жала екенін алға тартуда. Айта кетейік, Джеффри Эпштейннің өзі белгісіз жағдайда түрмеде қайтыс болған.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Бұл әңгімені сайлауалды науқан кезінде Обама мен байден таратып жүрді. Олар менің билікке келгенімді қаламады. Мен үшін түсініксіз жайт. Менің оған мүлдем қатысым жоқ. Бас Прокурор Бонди де, дүйім жұрт алдына шығып жауап берді. Ешқандай дәлел жоқ.
Қытай заманауи технологиялар және Жасанды Интеллект бойынша АҚШ-қа өлсе де, жетпейді. Пенсильваниядағы жиында АҚШ Президенті осылай деді. Трамптың айтуынша, өзі таққа отырғалы мүлдем ешкім Америка экономикасының шаңына да ілеспейді.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Әлемдегі 20 озық технологиялық компания – Америкалық. Жасанды интеллект болсын, заманауи технологиялар, тіпті, экономика бойынша Қытай енді бізге мүлдем ілесе алмайды. Білемін, бірқатар елдер бізге жетіп, одан қалды басып озғысы келеді. Бірақ, біз ешкімге мүмкіндік қалдырмаймыз.
Трамптың шарты – бос әңгіме. Ресей Сыртқы Істер Министрі – Сергей Лавров осылай дейді. Оның айтуынша, Трамп әлдебіреулердің жетегінде кетіп, осындай әрекетке барып отыр. Бірақ, онысынан түк шықпайды.
СЕРГЕЙ ЛАВРОВ, РЕСЕЙ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:
Бұған дейін шарттардың неше түрлісі болды. 24 сағат, 100 күн. Естімегеніміз жоқ. Енді келіп, 50 күн дейді. Түсінемін, Еуропалық Одақ елдері Трампқа қысым көрсетіп отыр. Олар, Ресейге қарсы әрекет етуге итермелейді. Зеленскийдің әр сөзін тыңдап, оған қару беру – үлкен қателік екенін тағы да еске салғым келеді.
Сирияда қарулы қақтығыс қайта басталды. Қазіргі уақытша билік, Әл-Сувейд жергілікті халық друздарға қарсы әскери операция бастап кетті. Оларға көмектесеміз деген Израиль әуеден Сирия әскерін бомбылап жатыр. Қазіргі мәлімет бойынша, 30 адам қаза тапқан.