Әлеуметтік желіде 6 баладан аз көпбалалы отбасыларға жәрдемақы берілмейтіні туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Astana TV.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары немесе бірге тұратын 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар отбасына көпбалалы отбасы мәртебесі беріледі», - делінген министрлік хабарламасында.
Мұндай отбасыларға табысына қарамай, ай сайынғы жәрдемақы төленеді. Төлем мөлшері балалардың санына байланысты сараланады.