Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда банк өртеніп кетті

  • AstanaTV
  • 17 шілде 2025
  • 133
Фото: Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті

Қарағанды қаласы Бұқар Жырау даңғылы бойында орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйге жапсарласып салынған бір қабатты банктердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Astana TV.

Қазіргі уақытта ТЖМ күштерімен өрт оқшауланды. Нақты деректер бойынша Қарағанды қаласындағы Бұқар жырау даңғылында орналасқан банктердің бірінде электр сымдарының оқшаулағышы, жылу оқшаулағыш материалдар және сәндік төбе жабындары өртенген, — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түспеген.