Павлодар облысында көлік аударылып, 2 адам зардап шекті

  • AstanaTV
  • 17 шілде 2025
Фото: ашық дереккөзден алынды

Жол апаты 16 шілдеде Баянауыл кентінің Жасыбай демалыс аймағында болған, деп хабарлайды Astana TV.

Бұралаң тау жолында «Hyundai Tucson» жүргізушісі рөлді тізгіндей алмай, көлікті аударып жіберген.

Салдарынан бес адам зардап шеккен. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Қылмыстық іс қозғалды, оқиғаның мән-жайы анықталуда.