Ол өзін Түркиядағы агенттіктің ресми өкілі ретінде таныстырып, балаларды оқыту мен байқауларға қатысу мақсатында Түркияның Каппадокия қаласына сапар ұйымдастырамын деп сендірген, деп хабарлайды Astana TV.
Күдікті бизнес-орталықтағы конференц-залда 10 жасөспірім модельдің ата-анасымен кездесіп, билет сатып алу мен қонақүй броньдау міндетін өз мойнына алатынын айтқан. Сенім ұялату үшін жалған келісімшарттар мен жалған кураторлардың байланыс деректерін көрсетіп, топпен ұшқанда жеңілдік болатынын уәде еткен.
Әр ата-ана әр балаға 300 еуродан оның банк шотына аударған. Кейін әйел байланысқа шықпай, ізін суытқан. Ата-аналар алаяқтықтың құрбаны болғандарын Астанада ұшуға дайындалып жүргенде бір-ақ білген. Осыдан соң полицияға арыз түсірілген.
Қылмыстық іс сотқа жетіп, бірінші сатыдағы сот әйелді кінәлі деп таныды. Үкімге сәйкес, оған келесі жаза тағайындалды:
- 4 жыл бас бостандығынан айыру;
- 3 жыл бойы кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салу;
- Залалды толығымен өтеу міндеті.