Русский Сайттың толық нұсқасы

"Кір сабын ішіне жасырған": Түрмеге телефон кіргізбек болған күдікті анықталды

  • AstanaTV
  • 17 шілде 2025
  • 137
Фото: Polisia.kz

Қызылордада жазасын өтеушіге кір сабын ішіне телефон жасырып өткізбек болған күдікті анықталды, деп хабарлайды Astana TV.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №37 мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғанға қысқа мерзімді кездесуге келген танысының алып келген сәлем-сауқаттарын тексеру барысында мекеме қызметкерлері ерекше қырағылық танытты. Тексеру нәтижесінде кір сабынның ішіне жасырылған телефон табылды.

Телефон — сотталғандардың пайдалануына тыйым салынған заттардың қатарына жатады. Телефонды мекеме аумағына енгізуге әрекеттенген азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес құжаттар сотқа дайындалуда. Қызметкерлердің дер кезінде қабылдаған шараларының арқасында мекемеге тыйым салынған заттың өтіп кетуіне жол берілмеді.