Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте «ҚазМұнайГаз Инвест» қаржы пирамидасы әшкереленді

  • 17 шілде 2025
  • 125

Акция сатып аламыз деп алданды. Қаржы мониторинг Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «ҚазМұнайГаз Инвест» қаржы пирамидасының заңсыз қызметін тоқтатты. Алаяқтық схема азаматтардың сенімін теріс пайдалану арқылы құрылған. Ұйымдастырушылар «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының акцияларын сатып алу арқылы мол және жылдам табыс табуға уәде берген. Күдіктілер салымшыларға әр 15 күн сайын 50% кіріс түсетінін айтып,   сендірген. Алайда іс жүзінде ешқандай бағалы қағаздар сатып алынбаған. Төлемдер тек жаңадан тартылған қатысушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылған. Агенттіктің дерегінше, бастапқы салым сомасы 500 мың теңгеден басталған. Нәтижесінде шамамен 200 азамат қаржы пирамидасының құрбанына айналып, жалпы сомасы 1 млрд теңгеден астам қаржысынан айырылған. Күдіктілер қазір қамауда. Тергеу амалдары жалғасуда.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:

Заңсыз жолмен алынған кірістерге күдіктілер Түркістан облысында жалпы құны 438 млн теңгеден асатын мүлік - екі қымбат көлік және тұрғын үй мен коммерциялық нысан сатып алған. Бұл мүліктер ықтимал тәркілеуден жасыру мақсатында туыстарының атына рәсімделген. Сот санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды.