Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда дәрігерді соққыға жыққан ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

  • 17 шілде 2025
  • 90

Қостанайда дәрігер соқыға жығылды.Қазір жағдайы ауыр. Жансақтау бөлімінде жатыр.Облыстық аурухана баспасөз қызметінің мәліметінше  күрделі операция жасағаннан кейін хирург науқастарды қабылдау бөлмесінде жұмысын жалғастырып, алдына келген адамдарды қарай бастаған. Алайда кезек күткен науқастың бірі  сес көрсетіп, дәрігерді соққыға жыққан көрінеді.

КСЕНИЯ ЖЫЛҚЫБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Дәрігерді соққыға жығу,оған  қол көтеру бүкіл денсаулық саласына келтірілген нұқсан деп ойлаймыз. Мамандар адамның өміріне араша түсу үшін күні-түні жұмыс істейді.Науқастан таяқ жеу үшін келмейді ғой.Күдіктінің   тиісті жазаға тартылуын  талап етеміз.

Облыстық ауруханада болған оқиғаға қатысты полиция сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Күдіктіге ҚР қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлігі бойынша «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру»  бабымен айып тағылып отыр.

БАУЫРЖАН ҚҰСАЙЫНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі уақытта осы қылмысты жасады деген күдікпен облыстың 34 жастағы тұрғыны ұсталды. Қажетті тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде.Оның нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.