Елімізде 8 мыңнан аса адам туберкулезге шалдыққан. Бұл- тіркелген науқастардың есебі. Денсаулық сақтау министрлігі ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры Мәлік Әденовтің айтуынша, биыл 6 ай ішінде 158 мыңнан аса балаға туберкулезге қарсы вакцина егілген. Сондай-ақ 1 жасқа дейінгі 4 мыңға жуық бүлдіршін екпе қабылдаған. ГРАФИКА: Былтырдан бері елімізде 17 жасқа дейінгілер арасында туберкулезден қайтыс болу дерегі тіркелмеген. Жалпы кәмелетке толмағандардың сырқаттану көрсеткіші 6,7 пайыз төмендеген. Аталған дерттен өлім-жітім 20 пайыз төмендеп, ересектер арасында туберкулезге шалдығу 13,9 пайыз, ал таралуы 16,1 процентке азайған.
МӘЛІК ӘДЕНОВ, ҚР ДСМ ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ, ШТАТТАН ТЫС БАС ФТИЗИАТР-ДӘРІГЕР:
Біз 2015 жылдан санаған кезде 50 пайызға туберкулездің таралған көрсеткішін түсіруіміз керек. Ал біздің көрсеткіш 52 пайызға түсіп отыр, былтырғы 2024 жылдың нәтижесімен. Өлім-жітім көрсеткішін біз 75 пайызға түсіру міндеттеме алғанбыз. Ол 2015 жылдың көрсеткішінен бастап саналады. Қазіргі жағдайда 2024 жылдың есебімен санаған кезде 75,6 пайызға көрсеткіштің төмендегені. Яғни, Қазақстан 2025 жылға дейінгі өзінің алған міндеттемесін БҰҰ туберкулезбен күресу жолындағы орындады деп айтуға болады.