Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада қоғамдық көліктің үлесі 71%-ға дейін артады

  • 17 шілде 2025
  • 96

Астанада қоғамдық көліктің үлесі 71%-ға дейін артады. Автобус паркі жаңартылып, жаңа жолайрықтар салынады. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек елорданың әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері сараланған семинар-кездесуде айтты. Жиын барысында Астананың 2035 жылға дейінгі негізгі даму бағыттары белгіленді. 2030 жылға дейін 206 апатты үйдің тұрғындары жаңа баспанаға көшіріледі. Экология және көгалдандыру мәселесі де ерекше назарда. Соңғы үш жыл ішінде мегаполисте 2,5 миллионнан астам ағаш егілді. Қоғамдық кеңістіктер мен көшелерді абаттандыру, жағалауларды көркейту жұмысы жүргізілуде. Кіші Талдыкөл аумағында экопарк салынып жатыр, сондай-ақ Green Line жаяу жүргіншілер жолы мен Damu паркі қолға алынған.

ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК, ҚАЛА ӘКІМІ:            

Барлық жұмыс «адамдарға арналған қала» қағидатына негізделіп отыр. Яғни, басты назар тұрғындардың өмір сүру сапасына, қолжетімді әрі ыңғайлы орта қалыптастыруға аударылған. Инженерлік инфрақұрылым алдын ала жоспарланып, даму қарқыны тұрғындар қажеттіліктерінен озық жүруі тиіс.