Металлургтер күні кең көлемде аталып өтті. AMANAT партиясв Еліміздің түрлі өңірлерінде еңбек адамдарының қоғамдағы мәртебесін арттыруға бағытталған мерекелік іс-шаралар ұйымдастыруда. Мәселен, Қарағанды облысында мерекеге орай салтанатты жиын өтіп, онда металлургия саласының үздік қызметкерлеріне партия атынан алғыс хаттар мен ақшалай сертификаттар табысталды.
БЕКЗАТ АЛТЫНБЕКОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Жалпы, мұндағы басты мақсат - жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеру. Біздің экономикамызда болсын, өнеркәсіпте болсын негізгі шешуші роль жұмысшылардың қолында екенін біз ешуақытта ұмытпауымыз керек.
Павлодар облысында да кәсіби мереке айрықша сән-салтанатпен өтті. Облыстың үздік металлургтері марапатталды. Олардың бірі Хабиба Худушева. Ол 10 жылға жуық зауытта табандылықпен еңбек етіп, «AMANAT» партиясының бастауыш ұйымында қызмет атқарған.
ХАБИБА ХУДУШЕВА, СПЕКАНИЯ ЦЕХЫНЫҢ ИНЖЕНЕР-ТЕХНОЛОГЫ:
Бүгін мен «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісіне ие болдым. Бұл мен үшін зор мәртебе. Еңбегімнің еленгені, әрине үлкен қуаныш. Бұл марапат мені одан әрі ынталандыра түспек.
Айта кетейік, шара 2025 жылдың жұмысшы кәсіптерінің жылы болып жариялануымен айрықша мәнге ие болды.