Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда Конституцияның 30 жылдығына орай тоғызқұмалақтан қалалық турнир ұйымдастырылды

  • 17 шілде 2025
  • 83

Қызылжарда Конституцияның 30 жылдығына орай тоғызқұмалақтан қалалық турнир ұйымдастырылды. Онда қазақтың ұлттық ойынына ден қойған үздік мектеп оқушылары өзара бақ сынасты. Жарысқа 8 бен 17 жас аралығындағы бас- аяғы 25 бала қатысты. Арасында республикалық турнирлердің жеңімпаздары да бар. Шараға мұрындық болған жастар ресурс орталығы мұндай жарыстардың  рухани маңызы зор екенін айтады.

АЙСҰЛУ БЕКІМОВА, СҚО ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ НҰСҚАУШЫСЫ:

Конституцияның 30 жылдығына орай тоғызқұмалақтан қалалық турнир өткізіп жатырмыз. Петропавлда 13 тоғызқұмалақ клубы бар. Бұл ойын қазір өңірімізде кеңінен насихатталып келеді. Жастар қазақтың ұлттық ойындарын біліп, дәріптеуі тиіс.