Egov электрондық үкіметтің сайты мен мобильді қосымша уақытша жұмыс істемейді, деп хабарлайды Astana TV.
«Техникалық жұмыс 2025 жылғы 19 шілдеде сағат 02:00-ден 08:00-ге дейін жүргізіледі. Уақыт аралығы пайдаланушылар белсенділігі ең төмен кезеңге сәйкес таңдалды, бұл мүмкін қолайсыздықтарды азайту үшін жасалды», – делінген хабарламада.
Аталған кезеңде келесі цифрлық ресурстар мен жүйелер де жұмыс істемейді:
- eGov.kz порталы мен eGov mobile қосымшасы (оның ішінде «Цифрлық құжаттар» сервисі);
- e-Otinish, E-license порталдары және Ашық үкіметтің барлық платформасы;
- Ұлттық куәландырушы орталық (ҰКО) қызметтері;
- Электрондық үкімет шлюзіне қосылған банктер мен басқа да жүйелердегі мемлекеттік қызмет көрсету сервистері.
Компания өкілдері бұл жұмыстардың мақсаты – «ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін бүкіл цифрлық экожүйенің тұрақтылығы мен сенімділігін арттыру. Қажетті операцияларды алдын ала аяқтауға және қажет жағдайда түпнұсқа құжаттарды дайындап қоюға кеңес берілді.