Русский Сайттың толық нұсқасы

Базардағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда

  • AstanaTV
  • 18 шілде 2025
  • 91

Алғашқы бөлімшелер келген сәтте өрт қатты өршіп кеткен күйде болды және аралық қабаттың бір бөлігі опырылып түскен.

Өртті сөндіру жұмыстары жоғары жану жүктемесі мен қатты түтіндеу салдарынан күрделі болды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт сағат 07:10-да оқшауланды.

Құтқарушылардың жедел қабылдаған шараларының нәтижесінде өрттің жақын орналасқан ғимараттарға таралуына жол берілмеді.

Айта кету керек, базар әкімшілігі өрт туралы хабарламаған. Өртті бірінші және үшінші қабаттың терезелерінен шыққан қою қара түтінді байқап қалған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өздері анықтаған.
Астана қаласы ТЖД және ЖАО 165 адам, 62 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратынша, қазір өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Жану орындарына су құю және конструкцияларды бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде.