Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда ауадағы күкіртсутегінің мөлшері нормадағыдан 22 есеге асқан

  • AstanaTV
  • 19 шілде 2025
  • 98
Фото: Атырау облыстық экология департаменті

Атырау қаласының бірнеше бөлігінде, «Квадрат» булану алаңында ауа құрамындағы күкіртсутегінің үлесі нормадағыдан бірнеше есеге асып кеткен

Атырау облыстық экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 шілдеге қараған түнгі сағат 00:00-ден таңғы сағат 09:00-ге атмосфералық ауа сапасын бақылайтын бірнеше стансадағы мәліметке мониторинг жүргізілген. 

– Мониториг «Қазгидромет» РМК Атырау облыстық филиалының мамандарымен бірге жүргізілді. Мәселен, күкіртсутегінің үлесі №103 «Шағала», №109 «Восток», №110 «Привокзальный», №111 «Жилгородок», №112 «Акимат», №113 «Авангард», №114 «Загородная», «Химпоселок» стансасында рұқсат етілген шекті шоғырланудан 5,2 есеге дейін асқаны тіркелді. Күкіртсутегінің мөдшері 17 шілдеде «Квадрат» су булану алаңында 22 есеге, басты кәріздік сорғы тазарту станциясында 5 есеге асқаны анықталды. Елді-мекендер аумағында атмосфералық ауаның нормадан тыс жоғары деңгейде ластануына жол берген «Атырау облысы Су арнасы» КМК-ға тексеріс жүргізілді, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Жинақталған құжаттар Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданған.