ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде құрылымдық бөлімшелер, республикалық және ғылыми орталықтар, өңірлік денсаулық сақтау басқармалары басшыларының қатысуымен 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ведомство қызметінің қорытындысы бойынша алқа отырысы өтті.
Мониторинг нәтижелері бойынша денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың тиімділігін көрсететін негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика атап өтілді.
Жалпы өлім 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,2%-ға төмендеді - 1000 тұрғынға шаққанда 6,46-дан 6,35 жағдайға дейін.
Бұл нәтиже бүкіл ел бойынша медициналық көмектің қолжетімділігін, сапасын және жеделдігін жақсарту жөніндегі жүйелі шаралардың арқасында мүмкін болды.
Негізгі жетістіктер:
* Ана өлімі 10%-ға төмендеді - 100 000 тірі туғандарға шаққанда 12-ден 10,8 жағдайға дейін.
* Сәбилер өлімі 7,4 нысаналы көрсеткішпен 1000 тірі туғанға шаққанда 5,94 құрай отырып, 26,3%-ға қысқарды.
* Неонаталдық өлім 23,8%-ға азайды - 1000 тірі туғандарға шаққанда 4,2-ден 3,2-ге дейін.
* Балалардың арасындағы өлім жоспар бойынша 9,75 кезінде 7,3-ті құрады -тұрақты оң динамика.
* Реанимациялық іс-шаралардың табыстылығы 8,3%-ға өсіп, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 51,8%-ға қарағанда 60%-ға жетті.
* ЖКО салдарынан өлім жоспарланған 11,7 деңгейінде 100 000 тұрғынға шаққанда 8,46-ға дейін төмендеді.
Статистикалық базаны және деректер дәлдігін нығайту
Бұл нәтижелерге қол жеткізудің маңызды құрамдас бөлігі медициналық статистиканың сапасын жақсарту болды.
Министрлік өлім себептерін кодтау бөлігінде медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша кешенді жұмысты іске асырды, сондай-ақ Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының жанынан Кодтау бюросын құрды.