Астанадағы №2 Жылу электр орталығының қызметкерлері «Таза бейсенбі» акциясына белсене қатысты. Шара «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында ұйымдастырылды. Бұл жолы мекеме аумағындағы гүлзарлар тазаланып, жасыл желекке күтім жасалды. Игі іске 50-ге жуық қызметкер атсалысты. Айта кетейік, «AMANAT» партиясы ер аумағында әр бейсенбі сайын тазалық жұмыстарын тұрақты өткізеді.
АҚЕРКЕ БЕКЖАНОВА, «АСТАНА-ЭНЕРГИЯ» АҚ ӨНДІРІСТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ ИНЖЕНЕРІ:
Біз тек энергетикалық аймақта ғана емес қоғам алдындағы да барлық өзіміздің жауапкершілігімізді толықтай сезінеміз. Сол себепті әр жыл сайын, әр бейсенбі сайын осылай табиғатты қорғауға, тазалауға шақыратын іс шарамыз күнделікті өтеді. Яғни бұл күні біз өзіміздің кәсіби міндеттерімізбен айналысып қана қоймай, өзіміздің табиғат анамызға, Отанымызға деген барлық махаббатымызды көрсетіп, келешек ұрпаққа үлгі болатын тазалық іс әрекетімен айналысып жатырмыз.