Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО-да дүлей дауыл мәдениет үйінің шатырын ұшырып әкетті

  • 18 шілде 2025
  • 68

Батыс Қазақстан облысында дүлей дауыл мәдениет үйінің шатырын ұшырып әкетті. Бәйтерек ауданына қарасты 70 жылдары салынған бұл ғимараттың төбесі 2010 жылы жаңартылған.  Қазір ғимарат электр желісінен ажыратылып, қираған құрылыс материалдары жинастырылып жатыр. Арнайы комиссия құрылып, келген шығын есептеледі. Содан кейін қалпына келтіру жұмыстары басталмақ.

АЗАМАТ ИСМАИЛ, БҚО ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Жалпы мұндай жағдайлардың орын алу себептері шатырдың конструкциялары дұрыс орналаспауы немесе апатты жағдайда болуы немесе құрылыс материалдарының дұрыс пайдаланылмауы, құрылыс кезінде әртүрлі сипаттағы ақаулардан кеткен кемшіліктер болып саналады.