Қазақстанның халық жазушысы, ақын Исраил Сапарбай өмірден өтті. Исраил Сапарбай -ғибратты ғұмырын киелі сөз өнеріне арнаған, төл әдебиетіміздің көкжиегін кеңейтуге зор үлес қосқан дарынды қаламгер. Ұлттық поэзия мен драматургияда өзіндік қолтаңбасын қалдырып, нағыз шығармашыл тұлға ретінде өнімді еңбек етті. Қалың оқырман өміршең туындыларымен қатар ұлтжанды азаматтығын жоғары бағалады. Соңына бай әдеби-мәдени мұра қалдырған Исраил Сапарбайдың жарқын бейнесі мен есімі ұмытылмайды. Мемлекет басшысы көрнекті тұлғаның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.