Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы жаңа Салық кодексі туралы Заңға қол қойды

  • 18 шілде 2025
  • 91

Мемлекет басшысы жаңа Салық кодексі туралы Заңға қол қойды. Бұл норма салықтық әкімшілендіруді жаппай жеңілдетуді көздейді. Атап айтқанда, салық есептілігінің көлемі 30 пайызға қысқарады, ал саны 20 процентке азаяды. Бұдан бөлек жеңілдіктер мен алымдар оңтайландырылады. Қосылған құн салығының жаңа базалық мөлшерлемесі 16 пайыз болып бекітілді. Дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтер төмендетілген мөлшерде төлейді. Банктер мен ойын бизнесі үшін, керісінше, талап қатал.  Олар үшін мөлшер - 25 процент. Жеке тұлғаларға қатысты да өзгешелік бар. Қымбат өнім тұтынатындарға, яғни бағасы тым жоғары көлік, кеме, алкоголь мен темекіге акциз енгізілді. Жаңа кодекс 2026 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.