Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүгін бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

  • AstanaTV
  • 20 шілде 2025
  • 82
Фото: istockphoto.com

2025 жылғы 20 шілдеде Атырау, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында, түнде Қостанай қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды Astana TV.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.