Русский Сайттың толық нұсқасы

Германияда жәрмеңкедегі жарылыстан 19 адам жарақат алды

  • AstanaTV
  • 20 шілде 2025
  • 86
Фото: Freepik.com

Германияның Дюссельдорф қаласында өтіп жатқан Rheinkirmes жәрмеңкесінде пиротехникалық жарылыс болып, 19 адам жарақат алды, деп хабарлайды Bild басылымы.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, отшашу зымыранының бірі бағытын күрт өзгертіп, жерге жақын жерде, көрермендердің арасында жарылған. Жергілікті полиция бұл жағдайды кездейсоқ оқиға ретінде қарастырып отыр.

Оқиға салдарынан төрт адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Қалған 15 адам жеңіл жарақатпен медициналық көмек алды.

Rheinkirmes жәрмеңкесі Рейн өзенінің жағасында өтетін Германиядағы ең ірі бұқаралық мәдени іс-шаралардың бірі саналады. Жыл сайын оған 4 миллионға дейін адам келеді.