Олардың кейбіреуі стресс пен жадының жоғалуына байланысты ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Astana TV.
«Ауруханаларда орын мен дәрі жетіспейді. Созылмалы аштыққа шалдыққан науқастарды емдеу үшін қажетті инфрақұрылым жеткіліксіз. Израиль 2023 жылғы 7 қазаннан бастап Газа секторына «аштық блокадасын» қолданып отыр. Бұл аймаққа медициналық және гуманитарлық көмек жеткізуге тосқауыл болуда», - делінген хабарламада.