Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан эндаумент қорларын заңмен реттейді

  • AstanaTV
  • 21 шілде 2025
  • 128

Мемлекет басшысы 2025 жылғы 30 маусымда «Нысаналы капитал қорлары және эндаумент қорлар (нысаналы капитал) туралы» ҚР Заңына қол қойды. Заңды әзірлеу кезінде эндаумент-қордың үздік тәжірибесі бар елдердің, оның ішінде АҚШ-тың тәжірибесі ескерілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова хабарлады.

Оның айтуынша, АҚШ-тағы эндаумент қорлар – америкалық университеттердің тұрақтылығы мен әлемдегі көшбасшылығының іргетасына айналды.

«Жеке заңның қажеттілігі эндаумент қорларының екіжақты табиғатымен байланысты – бір жағынан қайырымдылық, екінші жағынан инвестициялық қызмет. Осы екеуін бір заң аясында реттеу қажет болды», - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.


Қазіргі уақытта Қазақстанда 22 эндаумент қоры бар. Олардың барлығы дерлік қарапайым қайырымдылық қорлары ретінде жұмыс істейді, қаражаттың орташа мөлшері 1 млрд теңгеден төмен.