Атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалынан еліміздің батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
«Қазгидромет» мәліметінше, 22 және 24 шілдеде Қазақстанның батысында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, күндіз дауылды жел соғады. Елдің қалған аумағында ауа райы ыстық болады.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады. Түнгі және таңғы уақытта солтүстік пен шығыс өңірлерде тұман түседі.
22–23 шілде күндері Ақтөбе облысының оңтүстігінде күндіз 40°С, Алматы облысының батысында, солтүстігінде және орталығында 42°С қатты ыстық болады.
Күндіз батыс өңірлерде термометр бағаны 35–39°С, республиканың оңтүстік-батысында 38–42°С, 24 шілдеде Қостанай облысының оңтүстігінде 35°С, орталық өңірлерде 35–38°С, елдің оңтүстігінде 40–42°С, оңтүстік-шығысында 35–39°С жетеді.