Павлодарда 9 жасар бала тұрғын үйдің үшінші қабатынан құлап кетті. Қазір ол облыстық балалар ауруханасында жатыр, жағдайы ауыр. Оқиға демалыс күні болған. Ерекше қажеттілігі бар жеткіншек тұрғын үйдің үшінші қабатындағы жалпыға ортақ балконнан құлап кеткен. Салдарынан ауыр жарақат алған. Айта кетейік, өңірде осыған ұқсас 10 жағдай тіркелген.