Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда Солтүстік Қазақстан университеті колледжінің мұғалімдері еңбек демалысының ақысына қол жеткізе алмай жүр

  • 21 шілде 2025
  • 42

Қызылжарда Солтүстік Қазақстан университеті колледжінің мұғалімдері еңбек демалысының ақысына қол жеткізе алмай жүр. Жекеменшік колледж маңайындағы дау-дамай былтыр басталған. Білім ошағы жабылу жөнінде шешім қабылдап, студенттерінен бас тартпақшы. Енді шілде айында еңбек демалысына шыққан 10 ұстаз тиісті қаражатынан қағылған. Айтуларынша, оқу орнының басшылығы аузын қу шөппен сүртіп отыр.

ӘЛИЯ МАХМЕТОВА, ДИРЕКТОРДЫҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Колледждің басшылығына хабарластық. Олардың айтуынша, колледжда ешқандай қаражат жоқ бізге ақы төлейтін. Басшылық білім басқармасына барып біліңдер деген. Білім басқармасының айтуынша, барлық қаражат бізге бөлінген. Неге жеткіліксіз, неге бізге жетпей қалғанын біз білмейміз.

Бүгінде коллеждің мұғалімдер алдындағы жалпы қарызы 10 млн теңгеге жуықтайды. Ұстаздар қауымы еңбек инспекциясына жүгінген. Алайда, ол жерден қолдау таппаған көрінеді.

ТАТЬЯНА ГАЛЯМОВА, ЭКОНОМИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

Колледж жыл бойы әлеуметтік сақтандыру қорына мұғалімдер үшін ақыны аудармай отырған. Кейде емханада қаралу үшін біз соны өзіміз төлеп жүрдік. Жуырда еңбек инспекциясына жүгіндік. Бүгін таңертен жауап келді. Колледж кәсіпкерлердің реестріне кірмейтіндіктен олар тексеріс жүргізе алмайды.

Білім ордасының директоры тілшілермен сұхбаттасудан бас тартты. Ал жеке меншік колледжді мемлекеттің тапсырыспен қамтып отырған білім басқармасы барлық төлемдерді уақытында жасағанын айтады. Яғни, грант пен шәкіртақының қаражаты дер кезінде аударылып отырған.

АЙНАГҮЛ СҰРАҒАНОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Ай сайын 9 миллиондай қарды бөлінеді. Соның 30 пайызын шілденің 11 күні жібердік. Және қалған бөлігін олар актілерді жібергеннен кейін төленеді. Таміздікі бар. Тамыз айында бір уақытында 30 пайыз аванс жібере аламыз және қалған қаражатты айдың соңына дейін берілетін болады.

Колледж тамыз айының соңында ресми түрде жабылмақ. Ондағы  130 студент басқа білім ошақтарына ауыстырылмақ. Ал мұғалімдер болса, прокуратура органдарына жүгінуге бел буып отыр.