Русский Сайттың толық нұсқасы

Ет пен сүт тағы қымбаттады

  • 21 шілде 2025
  • 43

АҚБОТА БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:

Бір келі сиыр еті - 3800 теңге, сүттің литрі - 600 теңге. Бұрын бұл бағаға бүтін бір аптаның азығын алатын едік, қазір тек бір күндік тамақ. Баға неліктен қымбаттап барады?

Ет пен сүт бұрын күнделікті тамақ еді, қазір қол жетпейтін  "деликатес" болып бара жатыр.  Бұл қарапайым заңдылық емес, жүйелі мәселе. Себебі, фермер еңбегінің өтеуін көрмейді, ал халық күнделікті асын сатып ала алмай отыр. 

БЛИЦ:

- Қол жетімді деп айта алмаймын. Кейбіреуінің шамасы келеді, кейбіреуінің шамасы келмейтін шығар қазір мына заманда. Енді амал жоқ жейміз, аламыз. Күнде жемесек те.

- Етті де, сүтті де көп аламыз. Бірақ ет те қымбат болып кетті, сиыр например 2 жарым еді, осы соңғы жылы, осы биылғы жылдан бастап 4 мыңға бірақ шықты ғой еттің бағасы.  2500-2700 алатын ет бірден екі есеге қымбаттап кетті.

- Кей кезде қымбат, кей кезде арзан дейді. Оның өзінде қаланың сыртынан аурулар шығып жатыр дейді. Бруцелез деген. сондықтан ет алу қорқынышты болып жатыр қазір.

МАРАТ ҒАЛЫМХАН, ЕТ САТУШЫ:

Әкелген адамдар еттің келгеніне байланысты баға қояды. Ет аз болса, қымбаттатады, ет көп болса, арзандайды. Соған байланысты сатып аламыз, үстінен өзіміздің қоятын ақшамызды қойып, сатамыз. 

Қазақстан бойынша 200 мыңнан аса фермер бар. Көбі- жеке шаруа. Бірақ жем- шөп пен электр қуатының қымбаттауы салдарынан мал бағу  тиімсіз болып отыр.

БАХТИЯР ӨТЕЛБАЕВ, ҚАЗАҚ АҚБАС ТҰҚЫМЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАЛАТАСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Жанармай, басқа да мысалы штрафтың да бағасы қымбаттап кетті, есептік көрсеткіштер де жыл сайын қымбаттады. ол да өзінің әсерін тигізді. Тиімсіз болса, бұл да бизнестің бір түрі, шаруашылықтарды түсіну керек. Малмен айналысқаннан кейін, бұл тиімді болса, неғұрлым көп кісі бұнымен айналысады. Енді нарықтық экономиканың тілін ешкім отмена жасаған жоқ. Неғұрлым сұраныс көп болса, ұсыныс та пайда болады. Қазір біз көріп тұрмыз, сұраныс көбейген сайын, ұсынысымыз азайып жатыр.

АҚБОТА БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:

Ет пен сүт - күнделікті тағам. Бірақ бүгінгі баға- көп отбасы үшін қолжетімді емес. Шаруа - қолдау күтеді, тұтынушы - әділетті бағаны қалайды. Ауыл мен қала арасындағы аралықта кім пайда көріп отыр? Бұл - ашық сұрақ.