Жаңа кодексте қосылған құн салығы мен әлеуметтік салықты төлемеу мүмкіндігі сақталады. Бірақ жылдық табыс 600 мың теңгеден аспауы шарт. Ал жалдамалы жұмыскер санына шектеу жоқ. Сосын кәсіпкерлік қызметтің түрі тыйым салынған тізбеге кірмеуі керек. Үкімет арнаулы салық режимін пайдалану тәртібін түсіндіруді бастады. Айта кетейік, жаңа заңда шаруа қожалықтары үшін қолданыстағы арнаулы салық режимі сақталып отыр.
ЕРЛАН САҒЫНАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ САЛЫҚ ЖӘНЕ КЕДЕН САЯСАТЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Салықтық әкімшілендіруде де тәсілдер өзгереді. Бүгінгі күні, егер салық берешегін барлық мәжбүрлеп өндіріп алу шарасы 6 АЕК шегінен бастап қолданылса, онда жаңа Салық кодексінде шара қолдану берешек мөлшеріне байланысты. Маңызды мәселе-қарыз аз болса, бизнестің барлық қызметі бұғатталмайды. Егер ол 20 АЕК-ке дейінгі соманы құраса, онда тек салық берешегінің бар екендігі туралы құлаққағыс жіберіледі.