Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде 5 мыңға жуық бұқаралық ақпарат құралы бар

  • 21 шілде 2025
  • 82

Елімізде 5 мыңға жуық бұқаралық ақпарат құралы бар. Биыл 6 айда реестр жаңартылды. Нәтижесінде 140 БАҚ қызметін тоқтатып, тіркеуден шығарылды. Сондай-ақ алғашқы жартыжылдықта интернет желісінен 74 130 заңға қайшы материал анықталып, 36 667-і жойылған. Онлайн платформалардан 49 896 материал табылып, оның 12 433 өшірілді. Жалпы медиа саланы дамыту бағытында түрлі шаралар атқарылуда. Отандық телеарналар шетелдік арналармен бірлесіп ортақ жобаларды жарыққа шығарды. Сондай-ақ отандық спутник аппараттарын сатып алу үшін субсидиялау бағдарламасы іске қосылды. Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында 300-ден астам құрылғы сатып алу құны субсидияланған. Жуырда шекаралас аймақтарда тұрғындар 3 000-нан астам аппарат пайдаланады деп жоспарлануда.