Астанада үстел теннисінен фестиваль өтті. Онда әйелдер мен ерлер өзара бақ сынады. Жарыс «Кәсіпқойлар», «Әуесқойлар», «Ардагерлер» санаты бойынша ұйымдастырылған. Яғни, ешқандай жас шектеуі жоқ. Жыл сайын өткізілетін жиын биыл екі күнге созылды. Бас-аяғы 200-ге жуық адам сайысты. Жалпы, жылдан жылға елде тенниске қызығатын адамдар саны артып келеді. Қазір 220 мыңнан аса тұрғын осы спорт түрімен айналысады. Турнирдың мақсаты – халықтың қызығушылығын одан әрі арттыру дейді ұйымдастырушылар.
ТЕМІРЛАН ӘМІР, ҚАТЫСУШЫ:
Бәсекелестік өте тамаша! Мықты-мықты ойыншылар келген. Мастер спорта деген. Бұрын ойнап, қайта келген спортшылар да бар. Ұйымдастырылуы өте жақсы. Жарыстың деңгейі жақсы.